2 айлық сауығу бағдарламасы онлайн форматында бейнебайланыс арқылы (Skype, Zoom, WhatsApp) конфиденциалды түрде клиенттің сұрауы бойынша өткізіледі. Бұл бағдарлама, ағзадағы функционалдық үйлесімсіздікке және созылмалы аурулардың пайда болуына алып келетін себептерді жою арқылы, клиенттің кешенді сауығуына бағытталған.
2 айлық сауығу бағдарлама тәртібі мынадай кезекпен жүргізіледі:
➔ Клиенттің сұрауын анықтау, бастапқы анкетаны толтыру.
➔ Алғашқы кездесуді өткізу (1 сағат). Бағдарламаның мақсаттары мен шектеулерін белгілеу. Анализдерді тағайындау, сауалнамаларды толтыру.
➔ Негізгі екінші кездесуді өткізу (2 сағат). Анамнез жинау:
· сауалнамалар мен лабораторлық анализдерді талдау;
· физикалдық қарау: сыртқы симптомдарын анықтау,
өлшем жасау; дене көлемі, салмағы, пішіні;
· денсаулық коучинг сессиясы;
· SMARTEC өлшемшарттары бойынша мақсаттарды анықтау;
· сауығу және өмір салтын өзгерту стратегиясын жасақтау;
· сауығу бағдарламасын алдын ала белгілеу.
➔ Клиенттің сурауын терең пысықтап 8 жүйелі кездесу өткізу (2 айлық сауығу бағдарлама): аптасына бір кездесуден (1 сағаттан).
➔ Кездесу арасында чат арқылы хабарласу форматында қолдау, сұрақ қойып оған жауап алуға мүмкіндік қарастырылған.
➔ Қажеттілік болса көрсеткіштердің, диагностика нәтижелерін және өмір салтын жақсаруының, денсаулық пен өзсезінуінің салыстырмалы өлшемдерін жасап, қайта кездесуді өткізу.
➔ Клиенттің қалауы бойынша жұмысты сипаттау және бағалау.
Бағасы мен тіркелуі
Бағасы - 550000 теңге
Бағасы - 50000 теңге